Ресейдегі мобилизация аяқталды
«Ішінара жұмылдыру бойынша іс-шаралар аяқталды. Сіз белгілеген 300 мың адамдық тапсырма орындалды » — деп есеп берді Сергей Шойгу Путинмен кездесуде.
Сергей Шойгтың баяндамасынан:
— Ішінара жұмылдырудың бастапқы кезеңінде туындаған барлық мәселелер шешілді.
— Барлық қажетті 300 мың адам жұмылдырылды.
— 218 мың адам полигондарда, дайындықтан өтуде. 82 мың адам ІҚО өткізу аймағында. Оның 41 мыңы соғыс қимылдарына жұмылдырылған.
— Путин әскери комиссариаттардың бүкіл жүйесін жаңарту керек деп мәлімдеді.
— Әскери комиссариаттар енді тек еріктілер мен келісімшарттық қызметке үміткерлерді қабылдайды.
— Владимир Путин Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қатарына кіргендердің барлығына алғысын білдірді.
фото: 63:ru