Ресейдегі мектептегі атыста қаза тапқандар саны 15-ке жетті
Ижевск қаласындағы мектепте болған атыстан зардап шеккендердің саны 15 адамға жетті, оның 11-і бала, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыс салдарынан 39 адамның зардап шеккенін анықтады, олардың 15-і қайтыс болды, оның ішінде 11 бала және 4 ересек адам. 24 жәбірленуші зардап шекті, оның ішінде 22 бала және 2 ересек адам», – деп хабарлады министрлік.
Александр Бречаловтың айтуынша, ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қанмен қамтамасыз ету мәселесі жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендердің барлығын аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, деді ол.
26 қыркүйекте полицияға Ижевск қаласындағы №88 мектепте атыс болғаны туралы қоңырау түскен. Сыныпқа қара костюм киген ер адам кіріп, балаларға оқ жаудырған. Атқыш кейін өз-өзіне қол жұмсады.
Бірқатар ресейлік ақпарат құралдарының расталмаған мәліметтеріне қарағанда, шабуыл жасаған адам психиатриялық диспансерде есепте тұрған. Сондай-ақ кейбір басылымдар оқ атқан адамның мектептің 34 жастағы түлегі екенін алға тартады.