Ресейде жол апатынан 5 отандасымыз қаза тапты
«Орынбор — Соль-Илецк» тасжолында ірі жол апаты болды.
Тағы екі адам ауыр хәлде Тұзтөбедегі ауруханаға жеткізілген. Ресейлік құтқарушылар марқұм болғандардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғындары екенін растады.
Жол апаты 28 қараша күні 13 сағат 50 минут шамасында Орынбор облысындағы Елшанка селосына жақын маңда, Орынбор-Соль-Илецск бағытындағы жолдың 52-ші шақырымында болған.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде жүк көлігі мен «Volkswagen» соқтығысып, 5 адам қаза тапты. Тағы екі адам Соль-Илецк қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Ресейдегі төтенше жағдайлар министрлігінің Орынбор облыстық өкілдігі мерт болғандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматы бар екенін айтты», — деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.