Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеген: БҚО-да COVID-19 анықталған науқастардың қайдан келгені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың алты жаңа оқиғасы тіркелді, оның ішінде бес науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Олардың үшеуі — Батыс Қазақстан облысының тұрғындары және екеуі – Түркістан облысының тұрғындары. Пациенттер Ресеймен шекарадағы көлікпен өту жолындағы «Тасқала» бекетіннен жаяу жүріп өткен, байланыссыз термометрия кезінде шағымдары мен температурасы болмаған. Алгоритмге сәйкес, санитарлық-карантиндік пункттің эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарларға жатқызылды», — делінген хабарламада.

Алтыншы науқас — коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасағанына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған 54 жастағы Орал тұрғыны.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін БҚО-да 92 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 

Жалпы, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2334 болды.

stan.kz