Ресейде V Каспий медиафорумы басталды

0

Бес елден келген қатысушылар тәжірибе алмасып, цифрландыру дәуіріндегі өзекті заманауи медиатрендтерді талқылайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан мен Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мерейтойлық V Каспий медиафорумына қатысады.

Каспий медиафорумы – бұл тәжірибе алмасуға, өңірлік және халықаралық журналистиканы дамытудың жаңа бағыттарын талқылауға, Каспий аймағы елдері үшін бірыңғай ақпараттық орта құруға арналған бірегей алаң. Екі күн бойы панельдік пікірсайыстар, сарапшылардың кездесулері мен стратегиялық сессиялар өтеді.

Қатысушылар цифрландыру дәуіріндегі медиатрендтерге арналған пікірталастар барысында тәжірибе алмасады.


©
Sputnik / Стрингер.

Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан мен Ресейдің БАҚ өкілдері V Каспий медиафорумына жиналды

Астрахандағы мерейтойлық форумға Ресей ынтымақтастығы ұйымы, Еуразия халықтары ассамблеясы, А.М.Горчаков атындағы қоғамдық дипломатияны қолдау және президенттік гранттар қорының өкілдері жиналды. Бұған қоса, «Каспий бестігі» елдерінің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары — Бірінші арна, «МИР» телекомпаниясы, «Победа» телеарнасы, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінің өкілдері қатысады.

V Каспий медиафорумының ұйымдастырушысы – «Каспий Еуразия» халықаралық және қоғамдық-саяси зерттеулер орталығы» қауымдастығы. Ал ақпараттық қолдауды Астрахан облысының басшылығы көрсетіп отыр.

Шараның серіктестері — «Север-Юг» саясаттану орталығы мен «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығы.



sputniknews.kz