Ресейде үш жасар бала -35 градус аязда тайгадан аман шыққан — новости Казахстана

0

Ресейдің Хабаровск өлкесінде әкесінің өлімінен кейін тайганың қақаған аязында үйінен бірнеше шақырым қашықтықта қалған үш жасар бала аман қалған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: udm-info.ru

Көрнекі фото: udm-info.ru

Хабаровск өлкесінің Кенай елді мекенінің тұрғыны ұлын балабақшадан алғаннан кейін өзенге барып, ертеңгі балыққа шығатын жолды көріп қайтпақ болған.

Елді мекеннен шамамен үш шақырым жерде ер адам баланы орманның шетіндегі өзен жағалауына түсіріп, өзі мұз үстіне шығып, судың астына түсіп кеткен.

Бүлдіршіннің айтуынша, әкесі оған «ауылға қайт» деп айтып үлгерген.

«Балақай көліктің ізімен жүре берген. Оның кішкентай аяғының іздерін оқиға орнына барған тұрғындар тапқан», — деді ауылдық әкімшіліктің қызметкері Гүлнара Канавцева.

Оның сөзінше, бүлдіршін ауылға қарсы бетке қарай жүрген. Сол түні ауа температурасы -30-35 градусқа төмендеген.

«Абырой болғанда көлік жүрмейтін жолмен жергілікті тұрғындардың бірі ағаш дайындайтын мекемеден қайтып келе жатқан. Ол баланы тауып, үйіне жеткізген», — деді Канавцева.

Бүлдіршінді тапқан кезде ол үш шақырым жүріп өтіп үлгерген. Келесі күні оның дене қызуы көтеріліп, қазір үйінде ем қабылдап жатыр екен.

Құтқарушылар тобы мұз астына түсіп кеткен ер адамның денесін іздестіруде.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар