Ресейде тікұшақ апатынан төрт адам қаза болған

0

Бүгін таңертең Ресей құрамындағы Бурятияның астанасы Улан-Удэ қаласының маңында жеке меншік тікұшақ апатқа ұшыраған. Төтенше оқиға салдарынан тікұшақта болған төрт адам түгел опат болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың арасында тікұшақтың иесі, Бурятияға белгілі кәсіпкер Сергей Рогов та бар.

Көлік прокуратурасының дерегінше, тікұшақ Улан-Удэ қаласының іргесіндегі Верхняя Березовка кентіне қонар сәтте әуеден құлаған. Бір болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Жергілікті басылымдар тікұшақтың демалыс базасының территориясына құлап, өртенгені туралы жазды деп хабарлайды Сибирь.Реалии сайты.

Сергей Рогов — Peoples Park сауда орталығының иесі, ол Улан-Удэ қаласындағы баскетбол мектебін қаржыландырған.

Дереккөз: Азаттық