Ресейде тікелей эфирде өзіне қол жұмсаған шымкенттік жігітке қатысты тың деректер шықты — новости Казахстана
Ресейде шымкенттік жігіт Ирфан Ахмеджановтың өліміне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт әлеуметтік желіде тікелей эфирде асылып өлді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиғаны қазақстандық жігіттің оқырмандары бақылап отырған. Полиция хабарласқан солар. Жігіттің туысқандары оны мұндай қадамға не итергенін түсінбей, дал болуда.
Жақындарының сөзінше, Ирфан әрқашан ақкөңіл, жайдары болған. Достары оны «Гуф» деп атаған. Ол диджей болып істеп, әртүрлі шаралар жүргізген.
Туыстарының айтуынша, жақында ғана ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Содан кейін Мәскеуге барып, ақша табуға ниет білдірген.
Оның Ресейге кететінін жақындары тура кететін күні білген. Кенет қазақстандық жігіт Новый Уренгойдан бір-ақ шыққан. Ол жерде үш күн болған.
Марқұмның әпкесі Дания Коковина, Ирфан оған хабарлама арқылы тағылымдамадан өткенін, жұмыс беруші оның тұратын жерінің ақшасын, тәуліктік ақша төлейтінін жазған. Ол үнемі Даниямен сөйлесіп отырған.
Әпкесінің сөзінше, қайғылы оқиғадан бұрын бауыры жағдайы жақсы екенін айтқан. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшасында ол «Гуфтың өлімі» трегін жүктеген.
Ол кезде бұл жайтқа ешкім мән бермеген.
«Маған соңғы SMS пен суретті жіберген кезде кешкі 19:20 болатын. Маған кейін хабарласатынын жазды. Содан кейін байланысқа шықпады», — деді Дания.
Әпкесімен сөйлескеннен кейін 20 минут өткен соң қазақстандық жігіт тікелей эфирге шыққан. Жігіт орындыққа шығып, мойнына жіпті таққан. Сосын қол бұлғап, о дүниеге аттанған.
Қасым Ахмеджановқа қаралы хабарды қызы жеткізген. Жігіттің туысқандары ресейлік тергеушіге барлық қажетті құжаттарды жіберген.
Қазіргі таңда шымкенттік жігіттің өлер алдындағы хат қалдырған-қалдырмағаны белгісіз. Болған жағдайдың мән-жайын тергеушілер марқұмның туыстары Новый Уренгойға барғанда ғана айтады. Бірақ отбасының Ресейге баратын жағдайы жоқ.
СІМ қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәйітті туған қаласына жеткізуге және құжаттарды рәсімдеуге көмектесетіндерін мәлімдеді.
Дереккөз: КТК арнасы
Еске сала кетейік, қазақстандық азаматтың өзіне қол жұмсағанын ресейлік БАҚ хабарлаған болатын. Жігіт 18 жаста болды. Оқиғадан бұрын оның әжесі қайтыс болған.
Дереккөз: kaz.nur.kz