Ресейде сайлау учаскелері болмағандықтан екі облыс тұрғындары Нұр-Сұлтанда дауыс береді

0

Бүгін, 31 наурыз Украинада президент сайлауы басталды. Нұр-Сұлтандағы Украина елшілігіндегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 8-ден бері украин азаматтары келіп, дауыс беріп жатыр. Түскі сағат 11-ге дейін 33 адам дауыс берген. Бұл — Қазақстан бойынша жұмыс істеп жатқан жалғыз сайлау учаскесі. Бүгін ол жаққа келген азаматтар арасында Алматы, Семей, Петропавлдан келгендер болған.

Сайлау учаскесінің төрағасы Виталий Локтев Азаттық тілшісіне Ресейде сайлау учаскелері болмағандықтан Новосибирскі және Свердлов облысынан келгендер де осында дауыс береді.

«Ресей аумағында сайлау учаскесі болмағандықтан ондағы Новосибирскі және Свердлов облысы да біздің учаскеге қосылған» деді Виталий Локтев 31 наурызда.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесінің төрағасы Виталий Локтев. Нұр-Сұлтан, 31 наурыз 2019 жыл.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесінің төрағасы Виталий Локтев. Нұр-Сұлтан, 31 наурыз 2019 жыл.

Оның айтуынша, дауыс беруге құқығы бар Қазақстан бойынша мыңнан астам адам, ал Ресей бойынша үш мыңнан астам адам учаскеге тіркелген.

Украинадағы президент сайлауына түсетін жалпы кандидаттар саны – 39. Олардың арасында шоумен Владимир Зеленский, қазіргі президент Петр Порошенко мен оппозициялық «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко бар. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы негізгі тартыс осы үш кандидат арасында болатынын көрсеткен.

Azattyq