Ресейде С-500 жүйесі өндірісі басталды
Ресей әскері жақын арада әуе шабуылынан қорғанудың жаңа жүйесімен жарақтандырылады. Бұл туралы «Россия-1» телеарнасына «Ростех» мемлекеттік корпорациясы басшысы Сергей Чемезов хабарлады.
«Алмаз-Антей» концерні жасап жатқан С-500 жүйесі – зенит-зымыран кешендерінің жаңа буынына жатады. Онда баллистикалық және аэродинамикалық нысандардың көзін жоюда екі бөлек принцип қолдану қарастырылған.
Жүйенің басты мақсаты – баллистикалық зымырындардың 3500 шаршы метр қашықтық, қажет болған жағдайда құрлықаралық баллистикалық зымырандарды траекторияның соңғы бөлігінде қағып түсіру.
Бұған қоса С-500 жүйесі гипердыбыстық жылдамдықты қанатты зымырандар, ұшақ мен әскери дрондардың көзін жоюға арналған.