Ресейде қаржыны заңдастырудың жаңа кезеңі басталды
1 маусымнан бастап Ресейде қаржыны заңдастырудың үшінші кезеңі басталды. 2020 жылдың ақпан айына дейін ресейлік салық төлеушілер шетелдегі мүлік, компанияларын немесе шетел банктеріндегі есепшоттарын тіркей алады. Осы аралықта шетелдегі активтерін тіркеген азаматтар салық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
«Прайм» агенттігінің хабарлуынша, қаржыны заңдастыруды 2020 жылдың 1 наурызына дейін созуды Ресей президенті Владимир Путин тапсырған. Бірақ бұл жолғы амнистияның бұған дейінгі заңдастырудан айырмашылығы бар. Амнистияға ілінгісі келген азаматтар енді активтерін заңдастыру үшін оларды тек тіркеп қана қоймай, Ресейге ақшаны әкелуі тиіс. Калининград және Примор өлкесі аумағында құрылған арнайы әкімшілік аудандарда шетел компанияларын қайта тіркетуі тиіс.
Осы аумақта тіркелгендер дивидент немесе шетел компаниясынан түскен табысына салық төлеуден босатылады.