Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

0

Қыз Қорған техникумдарының бірінде оқиды. Оның науқас екендігі туралы ақпарат төртінші сәуірде расталды

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Ресейдің Қорған қаласындағы оқу орындарының бірінің студенті коронавирус жұқтырды. Алайда қазір бойжеткен Қазақстанда.

Бұл туралы «Уральский меридиан» ақпарат порталы Зауралье губернаторы Вадим Шумковқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қордайға жаназаға барған елорда тұрғыны бірнеше адамға коронавирус жұқтырды

«Сенбі, 4 сәуірде Қорған техникумында оқитын тағы бір қыздың анализі оң нәтиже көрсетті. Қазір біз онымен байланыста болған адамдарды анықтап жатырмыз. Ол Қазақстанға кетіп қалған, сол жақтан ақпарат алдық», – деп мәлімдеді губернатор.  

Қазақстандағы төтенше жағдай

Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар қала карантинге жабылды. Олардың кейбірінде дүкенге, дәріханаға және ауруханаға баруға ғана рұқат етілген.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз