Ресейде метеориттің көз қарықтыра құлаған сәті видеоға түсіп қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ресей Федерациясының бірнеше облысының тұрғындары 30-нан 31 қаңтарға қараған түні аспан денесінің құлағанына куә болды

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ресейдің бес облысының тұрғындары 30-нан 31 қаңтарға қараған түні метеориттің құлағанын бақылады.

Метеорит Екатеринбург уақытымен 03:13-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 04:13-те) құлады, деп хабарлайды РИА Новости.

Аспан денесінің құлаған сәтін Свердловск облысы Ирбитский ауданының тұрғыны Илья Янковский видеоға түсіріп алып, кейін әлеуметтік желілерге жариялаған.

Видео жазбасынан метеориттің қатты жылдамдықпен елді мекен үстінен ұшып бара жатқаны байқалады. Кейін көз қарықтыра жарқ ете түскен.

Тағы оқыңыз: Хиросима бомбасынан 10 есе жойқын метеорит жарылды

Нақтыланған дерекке сәйкес, Свердловск облысынан бөлек, аспан денесінің құлағанын тағы төрт өңір – Түмен, Омбы, Челябі және Қорған облыстарының тұрғындары бақылаған.



sputniknews.kz