Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

0

Қазіргі кезде ғалымдар зертханада жаңа вакцинаны жануарларға егіп, иммунитеттің қалай өзгеретінін бақылауға кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі федералды агенттігі коронавирусқа қарсы вакцина үлгілері сынақтан өткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, вакцинаның үлгілерін вирусология мен биотехнология жөніндегі «Вектор» мемлекеттік ғылыми орталығы қысқа уақыттың ішінде жасап шығарған. Бәрін алты бөлек технологиялық алаңда әзірлеген.

Қазіргі кезде ғалымдар зертханада жаңа вакцинаны жануарларға егіп, иммунитеттің қалай өзгеретінін бақылауға кірісті. Зерттеу маймыл тектес жануарларға жасалып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатынын айтты 

Мамандар барлық үлгінің ішінен тиімді әрі қауіпсіз вакцинаны таңдауы тиіс. Сондай-ақ, болашақ дәрінің құрамы, мөлшері мен денеге салу әдісін анықтау қажет.

Мамандардың болжамы бойынша вакцина осы жылдың IV тоқсанында дайын болады.

Вирустың геномы ашылды

Жақында Ресей денсаулық сақтау министрлігі ғалымдар коронавирустың геномын толығымен зерттеп шыққанын хабарлады. Бұл жұмыс Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтында атқарылды.

Мамандар Ресейге инфекциямен келген науқастан қажетті материал алып, вирустың құрылымын анықтады. Осының негізінде «COVID-19-ға» қарсы вакцинаны жасап шығаруға болады.



sputniknews.kz