Ресейде көпқабатты үйде тағы да газ жарылып, адамдар үйінді астында қалды
Алдын ала мәлімет бойынша, 5 адам зардап шекті.
Ресейдің Шахты қаласында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап.
Шахты қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, сегізінші және тоғызыншы қабаттардың жабыны талқандалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 адам зардап шекті.
«Тағы жеті адам үйінді астында қалған», – дейді өңірдің шұғыл қызметінің өкілі.
Өз сөзінде ол іздеу жұмыстарының барысында 6 адамның құтқарылғанын айтты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/