Ресейде халық Навальныйды босатуды талап етіп шеруге шықты
Ресей елінде жергілікті халық Алексей Навальныйды бостандыққа жіберуді талап етіп, наразылық акциясына шықты.
Кейбір мәлімет бойынша, Владивостокта үш мыңға дейін адам наразылық білдіруге шыққан. Алайда өңірлік әкімшілік бұдан аз санды көрсетіп отыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша, митингке 300 адам, ал шеруге 500-ге жуық адам шыққан», — деп хабарлады «Интерфакс».
Сондай-ақ, Иркутск өлкесінде Навальныйды қолдау үшін шеруге шықты. «Тайга. Инво» мәліметінше, оған 2 мыңға жуық адам қатысқан.
Адамдарды ұстау басталып кеткен. Алайда нақты қанша адамның тұтқындалғаны белгісіз.
Бүгін таңғы сағат 9 уақытындағы мәлімет бойынша, 44 адам ұсталған. Ең көп Хабаровскте ұсталған — 17, ал Оңтүстік Сахалинде — 9 адам.
Наразылық акциясы Читадағы Ленин алаңында басталды.