Ресейде еңбек мигранттары тұратын үйде өрт болып, 11 адам қаза болды

0

Ресейдің Томск облысында еңбек мигранттары тұратын үйде өрт болып, 11 адам қаза болды, екі адам жараланды. 21 қаңтарда таңертең бір қабатты ағаш үйден өрт шыққан. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл үйді қытайлық компания жалға алған. Онда Қытай, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары тұрған.

Жергілікті биліктің дерегінше, қаза болғандар арасында бір Ресей азаматы бар. Қалғаны — Өзбекстан азаматы деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігі

Ал Тәжікстанның Новосибирск қаласындағы бас консулдығының өкілдері «Интерфакс» агенттігіне қаза болғандар арасында кемінде бір Тәжікстан азаматы бар деген.

Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өртке байланысты тергеу амалдары басталған.

Azattyq