Ресейде екі полицей азаптау бабымен түрмеге кесілді

0

Ресейдегі Петербургте екі полицейге түрме жазасы кесілді. Невский ауданының соты оларды қамауда отырғандарды азаптады деп тапқан.

Петербург соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде аудандық сот Артем Морозов пен Андрей Барашкивты қызметін асыра пайдаланып, сотталғандарды азапты деп танып, әрқайсысын төрт жылға жалпы режимдегі абақтыға кескен. Оларға екі жыл мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

2017 жылдың қыркүйегінен бері уақытша тергеу абақтысында отырған олардың әр күні өздеріне тағайындалған мерзімнің бір жарым күніне теңестіріліп, есепке алынады.

36 жастағы Артем Морозов Невский аудандық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары болған. Қызметінен босаған соң ол «Үй ақшасы» компаниясының аға менеджері болып істеген. 34 жастағы Андрей Барашков полициядан кеткен соң «Ломмет» компаниясында жүргізуші-экспедитор болған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз