Ресейде COVID-19 індетінен көз жұмғандар саны 7,4 есе төмен

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде төрт миллионнан астам адам инфекция жұқтырды

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Ресейде COVID-19 індетінен көз жұмғандар саны жалпы әлемдегі жағдаймен салыстырғанда орташа есеппен 7,4 есе төмен, деп мәлімдеді Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова.

Бұл жайында Голикова елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайлы өткен жиында айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«Инфекция жұқтырғандар арасында пневмонияның үлес салмағы 25-тен 20,6%-ке түсті және науқастарды ауру жұқтырған күннен емдеуге жатқызу арасындағы уақыт тоғыз есе қысқарды, сонымен қатар инфекция жұқтырудың өсімі 2,6 есеге азайды. Осының нәтижесінде індет салдарынан қайтыс болғандар саны көбейген жоқ, — деді ол.

Голикованың айтуынша, бұл көрсеткішпен тоқтауға болмайды. Енді инфекция жұқтырғандар санын азайтуға тырысу қажет. Сонымен қатар коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулерді сақтау қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік беретінін айтты.

Коронавирус пандемиясы

SARS-CoV-2 коронавирусы – COVID-19 ауруының қоздырғышы, ол әлемнің 187 еліне тарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде төрт миллионнан астам адам инфекция жұқтырған, кем дегенде 278 мың адам көз жұмды.

Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) есебіне сәйкес, коронавирус әлем бойынша  4,1 миллион адамда расталды, 282 728 науқас қайтыс болды, 1,4 миллион адам сауығып шықты. Қайтыс болғандар мен инфекция жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында Америка Құрама Штаттары тұр.



sputniknews.kz