Ресейде Борис Немцовты еске алу шарасы өтеді

0

Бес жыл бұрын 27 ақпанда Ресейде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты атып кетті.

Бұл күні Мәскеу мен өзге қалаларда еске алу шаралары өтеді деп жоспарланған. Мәскеуде белсенділер саясаткердің зиратына барып, гүл қояды. Кешке қарай Немцовты еске алып, бір минут үнсіздік жариялайды.

29 ақпанда Немцовты еске алу маршы өтеді. Оны өткізуге билік рұқсат берген.

Дегенмен Санкт-Петербургте шеру өткізуге рұқсат берген жоқ. Билік өкілдері өтініште көрсетілген РФ аббревиатурасының мәнін түсінбейтінін айтқан.

Прагада 27 ақпанда Ресей елшілігі алдындағы алаңға Немцов есімі берілмек. Жақында Прага қаласының кеңесі осындай шешім қабылдады. Бейсенбі күні саябаққа саясаткердің есімін беру рәсіміне идеяны қолдайтындар да, қолдамайтындар да жиналмақ. Праганың топографиялық комиссиясы саябақ атын өзгерту туралы өтінішті бірнеше рет қанағаттандырмаған. Алайда ақпан айының басында ведомство саябақ атының өзгеруі аудан тұрғындарына қолайсыздық тудырмайды, соның салдарынан құжат ауыстырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеген.

Ресейлік оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атқан алты оқтан ажал құшты. Оның қазасы бойынша айыпталғандарға сот үкімі 2017 жылы шілдеде шыққан.

Саясаткерді атып өлтірген Заур Дадаевты 20 жылға бас бостандығынан айырды, тағы төрт адамға 11 жылдан 19 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы тағайындалды. Адам өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі күнге дейін анықталған жоқ.​

Фотогалерея: Немцовтың өмірі мен қазасы

Azattyq