Ресейде бес адамның өліміне себепкер болған қазақстандық тұтқындалды — новости Казахстана
Ресейде Челябинск-Екатеринбург тас жолында бес адамның өліміне себеп болған үлкен жол апаты үшін Қазақстан тумасы тұтқындалды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жол апаты 29 қараша күні Челябинкс тас жолында болған.
1995 жылғы Қазақстан тумасы тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігін жүргізіп келе жатып, қарсы бетке шығып кетіп, ТАТА манипуляторы мен Land Rover және Газель көліктерімен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасынан Land Rover көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі, сонымен қатар манипуляторды жүргізген ер адам қайтыс болған.
Сот үкімі бойынша күдікті 2019-шы жылдың 30 қаңтарына дейін қамауға алынды.
Күдіктінің қорғаушылары ешқайда кетпеу туралы тілхат пен тиісті тәртіп бойынша тыю шарасын қолдануды сұраған.
.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар