Ресейде бензовоз жарылды: қаза болғандар бар
Қысқа сілтеме алу
Жол апаты кезінде көлік жүргізушісі мас болған, оның қанынан 0,706 промилле алкоголь табылды
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ресейдің Свердловск облысында бензовоз жарылып, үш адам көз жұмды. Тағы жетеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
7 шілдеге қараған түні Карпинск-Кытлым автожолының 44 шақырымында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жанармай құюға бет алған бензовоз жүргізушісі жеті туристке цистернаның үстіне отыруға рұқсат берген. Алайда жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жыраға аударылды. Төгілген жанар-жағармайдан өрт шығып, кейін жарылыс болған.
Тағы оқыңыз: Арыста тағы оқ-дәрі жарылды
Жол апаты салдарынан үш адам қаза болды, тағы жетеуі түрлі жарақат алды.
Өңір бойынша ІІМ Бас басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Горелыхтың айтуынша, жарылыстан кейін орман отқа оранған, алайда өрт тез арада ауыздықталды.
«Көлемі 4,5 мың литрді құрайтын бензовозда небәрі 500 литр жанар-жағармай болған. Халық пен қоршаған ортаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Полиция анықтағандай, оқиға кезінде бензовоз жүргізушісі мас болыпты. Дәрігерлер оның қанынан 0,706 промилле алкоголь тапқан.
sputniknews.kz