Ресейде әйел балгерді пышақтап тастады

0
44

Оқиға Ресейдің Ульяновск қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ульяновск қаласының соты балгер әйелді өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Ресейдің Ульяновск облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Күдікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 4 мамырында 56 жастағы әйел мас күйде өзінің танысының мойнына пышап сұғып алған. Жарақат салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыс жәбірленушінің пәтерінде болған.

Күдікті пәтерден 3 ұялы телефоны мен 125 мың рубль (725 мың теңге шамасында) ақшасын алып кеткен. Ал пышақты жақын маңда автобус аялдамасындағы бұталардың арасына лақтырып жіберіпті.

Тағы оқыңыз: «Сиқыр деген рас нәрсе»: имам мен психолог адамды дуалау туралы айтып берді

Кейін күдікті жасаған қылмысын мойындады. Ол тергеушілерге балгермен таныс болғанын, қаза тапқан әйел оған 3 жыл бойы үйіндегі мәселелерді шешемін деп уәде беріп келгенін айтқан. Күдікті пен жәбірленушінің арасындағы жанжал ақшадан басталыпты. 56 жастағы әйел балгерден төленген ақшаның бір бөлігін қайтаруды талап еткен.



sputniknews.kz