Ресей үшін көмірсутектердің аяқталуы экономиканың орасан бөлігін жоғалтуды білдіреді

0

«Роснано» корпорациясының басшысы Анатолий Чубайс Ресейдегі отын-энергетикалық кешен экономиканың 20 %, бюджеттің 40 % және экспорттың 60 % құрайды деп мәлімдеді.

Ресейде мұнайға зор тәуелділік бар, деп мәлімдеді ресейлік «Роснано» корпорациясының басшысы, Ресей үкіметі премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Анатолий Чубайс 13 қарашада өткен «Горизонт» халықаралық корпоративтік форумында.

Ол Ресейдегі отын-энергетикалық кешен экономиканың 20 %, бюджеттің 40 % және экспорттың 60 % құрайды деп атап өтті. Чубайс Ресейде көмірсутектерге қатысты оптимистік бағалар негізді бағалаулардан басым деп санайды.

Ол елге бұрылыс жасау керек болатынын айтты. Роснано басшысының айтуынша, Еуропа үшін көмірсутектер дәуірінің аяқталуы Ресейге тәуелділіктің аяқталғанын білдіреді. Ресей үшін көмірсутектердің аяқталуы экономиканың орасан бөлігін жоғалтуды білдіреді.

Чубайс Ресей «неғұрлым қатаң реакция жасауы керек» деп, мерзімінен бұрын қозғалуы керек, өйткені ол ЖІӨ-нің 20 пайызын жоғалту мүмкін екенін айтты.

Мұнай өнеркәсібі — Ресей өнеркәсібінің жетекші саласы. Мұнай — Ресей экспортының маңызды заты. 2019 жылы Ресей тәулігіне 10,8 миллион баррель мұнай өндірді.

Бұл әлемде АҚШ пен Сауд Арабиясынан кейінгі үшінші орын болып отыр.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.