Ресей ұшағы Қазақстан аспанында дабыл белгісін берді — БАҚ
Санкт-Петербург — Сочи бағытындағы жолаушылар ұшағы «миналанғаны» туралы хабарламаға байланысты Қазақстан аспанында дабыл белгісін берген. РИА Новости мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты пікір білдірген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік өкілі ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінен сағат 18.50-де шыққанын айтты. «Миналанғаны» туралы хабарлама жалған болып шыққан.
«Санкт-Петербург — Сочи бағытындағы А319 әуе кемесінен «миналанғаны» туралы хабарлама келді (…) Кейін төтенше жағдай жариялап, Астраханға барды», — деп ол.
Оның айтуынша, кейінірек төтенше жағдайды алып тасталған. Борт Сочиге штаттық режимде ұшып кеткен.