«Ресей Украинамен соғыста ядролық қаруды қолданғысы келмейді» — Ресей Федерациясының Ұлыбританиядағы Елшісі

0

Бұл туралы Ресей Федерациясының Ұлыбританиядағы елшісі Андрей Келин LBC радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бізде ядролық қаруды қашан қолдануға болатынын нақты көрсететін доктрина бар — Ресейге ядролық шабуыл болған жағдайда немесе конвенциялық шабуыл соншалықты ауыр болса, біздің мемлекетіміздің өміріне қауіп төнеді».

Елші қазіргі қақтығыс «санаттардың ешқайсысына жатпайды» деп қосты.

Фото: adyrna.kz