Ресей украиналық қант үшін Қазақстанмен ұрысып қалды – Қазақстан жаңалықтары

0

Ресей Федерациясы Қазақстан ЕЭО заңнамасын бұзды деп күдіктеніп, Еуразия экономикалық комиссиясынан мемлекеттің ақ қантты экономикалық бос аумақтарға баж салығынсыз тасымалдау артықшылығын алып тастауды сұрады.

Ресей Федерациясы Қазақстан ЕЭО заңнамасын бұзды деп күдіктеніп, Еуразия экономикалық комиссиясынан мемлекеттің ақ қантты экономикалық бос аумақтарға баж салығынсыз  тасымалдау артықшылығын алып тастауды сұрады

Бұл туралы Ресейдің бірінші вице-премьері, қаржы министрі Антон Силуановтың хатында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РБК» басылымына сілтеме жасап.

Еуразия қант қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Болиннің сөзінше, Мәскеу қазақстандық жекелеген кәсіпорындарды қантты Украина мен Еуропа елдерінен баж салығынсыз экономикалық бос аумақтарға импорттау, сонымен қатар қантты кондитерлік өнімдер мен шырындардың құрамында ЕЭО-ның құрамындағы басқа елдерге баж салығынсыз тасу мүмкіндіктерінен айыруды сұрады.

Қазақстанның артықшылықтары туралы мәселе наурыз айының соңында ЕЭК кеңесінің отырысында қарастырылған. Алайда ол кезде келісімге келу мүмкін болмаған еді. 30 сәуірде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында премьер-министрлер аталған мәселені көтермек. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз