Ресей Украинаға ресми түрде соғыс жариялады

0

Ресей президенті Владимир Путин Украинада әскери операция жасауға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды.

Путин шұғыл түрде ел тұрғындарына жүгінді.

– Мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым. Ресей Федерациясының жоспарларына Украинаны жаулап алу кірмейді, – деді Владимир Путин.

Сондай-ақ, бұл Украинадағы ұлтшыл күштермен қақтығыс екенін баса айтты.

– Барлық оқиғалар мен ақпаратты талдау Ресей Федерациясының Украинадағы ұлтшыл күштермен қақтығысы сөзсіз екенін көрсетеді, бұл уақыт мәселесі. Мен арнайы әскери операцияны өткізу туралы шешім қабылдадым, – деді Владимир Путин.