Ресей Сириядағы АҚШ-тың дайындаған содырларын жойды

0
237

Ресейдің Аэроғарыш күштері (ВКС) Сирияда АҚШ-тың арнайы операциялық күштерінің нұсқаушылары дайындаған топ содырларын жойды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 4 тамызда әуе патрульдері кезінде Ресей Аэроғарыш күштерінің экипаждары Белая шөлінде жасырынып жүрген «Лива Шухада Эль-Карятейн» лаңкестік тобының содырлары тобын жойған.  Бұл топ Аль-Танф аймағында орналасқан, оны АҚШ армиясының арнайы операциялық күштерінің нұсқаушылары қамтамасыз етеді және оқытады, — деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Содырлардың Сириядағы бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға қарсы диверсиялық әрекеттер жасағаны атап өтілді.

Ақпарат, фото: lenta.ru.