Ресей шекарашылары Украинаның әскери кемелерін атқылаған
Керченск бұғазынан шығар кезде Украина қарулы күштері кемелеріне қарсы оқ атылды, жараланғандар бар деп мәлімдеді ресми Украина.
Украина қорғаныс министрлігінің дереккөзі берген мәліметке қарағанда, Ресей Украинаның үш әскери кемесін басып алған. Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко ресейлік шекарашылардың агрессиясына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданатынын мәлімдеді. Киевте Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Гриценко Азов теңізі айдыны мен Керченск бұғазындағы туындаған жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды.
Осының алдында Украина қарулы күштері Kerch.com.ru сайтында жазылған ұзақ уақыт бойы Керчь-Еникальск каналынан өтуді тосқан бір топ украиналық кемелер ресейлік шекарашылардың атқан оғынан кейін, Керченск көпірінен өтті деген ақпаратты теріске шығарған. Ресейлік БАҚ Керченск бұғазына шабуыл ұшақтары жөнелтілді деп хабарлайды.
Дереккөз: centralasian.org