Ресей Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесін үйренеді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Көршілес ел  Қазақстанның медициналық мекемелерге халықаралық аккредитация алу тәжірибесін зерттемек

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет сапасы мен емделушілердің қауіпсіздігі бойынша Қазақстан тәжірибесін үйренеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

19 тамыз, дүйсенбі күні Қазақстанның денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен Ресейдің «Ұлттық сапа институты» мемлекеттік мекемесі тиісті келісімге қол қойды.

Ресейлік мамандар Қазақстанның медициналық ұйымдарға аккредитация алу саласындағы тәжірибесін зерттейтін болады.

«Ресейлік әріптестеріміз біздің аккредитация саласындағы тәжірибемізді зерттеу үшін арнайы келді. Бұл жүйені алдағы уақытта өз елдерінде енгізіп, медициналық қызмет сапасы мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек», — деді Қазақстанның денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.

Үш күндік сапар аясында делегация астанадағы жетекші медициналық ұйымдарда болады. Медициналық мекемелер ұлттық және халықаралық JCI аккредитациясынан өткен.

Ресейліктер Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының жұмысымен де танысады.

Тағы оқыңыз: Астаналық дәрігерлер әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасады

«Бұл екі елдің медициналық ұйымдарының денсаулық сақтау саласындағы әріптестігінің бастамасы. Мұндай тәжірибе екі ел үшін ғана емес, бірыңғай экономикалық кеңістік үшін де пайдалы болады деп ойлаймын», — деді Ресейдің ұлттық сапа институтының бас директоры Игорь Иванов.

Қазақстанда аккредитация жүйесі 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Елдегі медициналық ұйымдар мұндай бағаны өз еркімен алуға ұмтылады. Қазіргі уақытта отандық медициналық мекемелердің 30 проценті аккредитациядан өткен.



sputniknews.kz