Ресей Қазақстанмен пойыз қозғалысын тоқтатты — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық пойыздардың қатынауы 17 наурыздан бастап коронавирус жағдайына байланысты тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыға Қаскелең мен Талғардан электричка қатынауы мүмкін

«Қазақстан Темір Жолы «ҰК «АҚ хабарламасына сәйкес және жаңа коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 17 наурыздан бастап ерекше нұсқауларға дейін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздарының қатынауы тоқтатылады. Қозғалысты қайта бастау туралы қосымша хабарланады», — делінген Ресей темір жолдары хабарламасында.

Осылайша, төменде санамаланған жолаушылар поездарының, олардың құрамдарында жүретін тіркеме және тікелей қатынайтын вагондарды қоса алғанда, қозғалысы тоқтатыла тұрады:

 

  • № 7/8 Алматы — Саратов, Алматыдан 18 наурызда Орал станциясына барады, 21 наурызда Саратовтан жүру тоқтатылады;
  • № 39/40 Нұр-Сұлтан — Челябинск, 18 наурызда Нұр-Сұлтаннан Қостанай станциясына барады, Челябинскіден 19 наурызда жүру тоқтатылады;
  • № 83/84 Қарағанды ​​- Мәскеу, Қарағандыдан 20 наурызда Петропавловск станциясына дейін барады, 20 наурызда Мәскеуден жүру тоқтатылады;
  • № 145/146 Қарағанды — Омск, Қарағанды қаласынан 17 наурызда жүреді, Омбы қаласынан 18 наурызда жүреді;

  • № 301/302 Алматы — Новосибирск, Алматыдан 18 наурызда Семей станциясына дейін барады, Новосибирск қаласынан 20 наурызда тоқтатылады;
    № 303/304 Алматы — Қазан, Алматыдан 23 наурызда, Қазаннан 26 наурызда, соның ішінде Бішкек — Қазан тікелей қатынайтын вагондар тобы жүреді;
    № 363/364 Томск — Қарағанды , 17 наурызда Томсктен жөнелтумен, 19 наурызда  Қарағандыдан жөнелтумен;
    № 363/364 Қарағанды — Томск, Қарағандыдан 17 наурыдан бастап жөнелту, Томскіден 19 наурызда жүреді;
    № 391/392 Томск — Риддер, Томскіден 20 наурызда жүреді, Риддер қаласынан 23 наурызда жүреді;
    № 625/626 Атырау-Астрахань, 18 наурызда Атырау станциасынан жүреді , Астраханьнан 19 наурызда жүреді;
    № 6814/6813 Қостанай — Троицк, Қостанай станциясынан 18 наурызда Каерақ станциясына дейін барады, Троицктен 18 наурызда тоқтатылады;
    № 6871/6872 Орал — Озинки, Оралдан 19 наурыздан бастап Семиглавый Мар станциясына дейін барады, Озинкиден 19 наурызда тоқтатылады;
    № 6754/6753 Орынбор — Илецк, Орынбор және Илецк қалаларынан 17 наурызда жүреді;
    № 6117/6118, № 6119/6120 Рубцовск — Локоть — Алейская,  Рубцовск және Алейскаядан 17 наурыздан жүреді.

    Жолаушылар пайдаланылмаған билеттерді күші жойылған пойыздарға қосымша төлемдерсіз қайтара алады. Ақша қаражатын қайтару үшін жолаушылар билетті сатып алған мемлекеттің аумағындағы кассаларға баруы қажет. Электрондық жол жүру құжаттарын жолаушылар олар ресімделген веб-ресурстардың көмегімен тапсыра алады.

stan.kz