Ресей қаласында Қазақстанның павильоны ашылады – видео

0

Россотрудничество* жетекшісінің орынбасары Михаил Брюханов Санкт-Петербург қаласында Қазақстанның ұлттық орталығын ашу жоспарда бар екенін айтты. Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі негізінде жасалуы мүмкін

«Екі елдің үкіметаралық отырысы достық қарым-қатынас бар жерде шешілмейтін мәселе болмайтынын көрсетті. Бұл біздің агенттік жұмысының жемісі деуге де болады. Біз «Отандастар», «Болашақ» сынды қорлармен тығыз әріптестік орнаттық. Меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз «, — деді Брюханов.

Тағы оқыңыз: Ресейлік театрлар Қазақстанға гастрольдік сапармен келеді

Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде «Қазақстан» ұлттық павильоны ашылғанын атап өтті. Мұндай орталықты Санкт-Петербург қаласында да ашу жоспарланып отыр.

*Россотрудничество – Ресейдің ТМД істері және шетелде жүрген отандастар мәселесімен айналысатын агенттік.



sputniknews.kz