Ресей премьері Путинге коронавирус жұқтырып алғанын айтты

0
1

Ресей Федерациясының премьер-министрі міндетін атқарушы қызметіне бірінші вице-премьер Андрей Белоусов тағайындалды

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин президент Владимир Путинге коронавируспен ауырып қалғанын, соған байланысты өзін-өзі оқшаулауға кететінін хабарлады.

«Құрметті Владимир Владимирович, жаңа ғана коронавирусқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соған байланысты және бекітілген талаптарға сәйкес, оқшаулау ережелерін сақтап, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет», – деді Мишустин Путинге.

Кездесу видеоконференция режимінде өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Үкімет төрағасы өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты премьердің міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.

Тағы оқыңыз: 12 мамырдан бастап Ресей коронавирусқа байланысты шектеулерді  жеңілдете бастайды

«Уақытша атқарушы ретінде Андрей Рэмович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын», – деді премьер.

Бұл ретте Мишустин үкімет жұмысты әрі қарай жалғастыратынын, ал өзі байланысқа шығып отыратынын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр міндетін атқарушы қызметіне бірінші вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.



sputniknews.kz