Ресей премьері ауруханадан шығып, жұмысына оралды

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Михаил Мишустин коронавирустан жазылған не жазылмағаны туралы хабарланбады. Осы уақытқа дейін ол қашықтықтан жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин өз міндетіне кірісті.

Ресей президенті Владимир Путин премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметіне Андрей Белоусовты тағайындау туралы құжаттың күші  жойылғаны жайлы жазылған жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Кремль сайты.

Вице-премьер Белоусов коронавирус жұқтырған Михаил Мишустинді уақытша алмастырды.

Ресей үкіметіндегі КОВИД-19

Сәуір айының соңында премьер-министр Михаил Мишустин COVID-19 індетімен ауырғанын мәлімдеп, министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты уақытша министрлер кабинетінің төрағасы қызметіне ұсынды. Осыдан кейін өзі ауруханаға жатты.

Кеше Мишустин ауруханада отырып коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

Пандемия кезінде Ресейдің бірнеше министрі қауіпті індетке шалдықты. 12 мамырда Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды 

Батыс Еуропа саясаткерлерінің арасында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Монако князі Альберт II және Уэльс ханзадасы Чарльз коронавируспен ауырды. Олардың барлығы жазылып шыққанын мәлімдеді.  



sputniknews.kz