Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау саласын қадағалау федеральдық қызметі (Роспотребнадзор) жаңа коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазды.

«Ресейде COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау үшін Роспотребнадзордың «Вектор» ДБ МҒО-да ең қысқа мерзімде алты түрлі технологиялық платформаларға негізделген вакцина прототиптері әзірленді», — делінген хабарламада.

Ведомствода мамандар тұмаудың кең қолданылатын рекомбинантты вирустық векторлары негізінде вакцина жасай алатынын нақтылады. 

«Қазіргі заманғы биологияда жаңа вакциналар жасағанда, сезімтал зертханалық жануарларға in vivo зерттеулерін жүргізу керек», — деп түсіндірді Роспотребнадзор.

Ведомствоның хабарлауынша, сынақ вакцинаның ең тиімді дозасын, еселігін және қолдану тәсілін анықтауға арналған.

Сонымен қатар, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының бастығы Стивен Хан коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеу мерзімін атады.

«Бұл бірінші сатыдағы сынақ, біз осы вакцинаны мақұлдау үшін 12 ай қажет», — деді Хан.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус SARS-CoV-2 коронавирусіне қарсы вакцинаның алғашқы сынақтарының басталғандығы туралы мәлімдеді.

 

stan.kz