Ресей экономикасы «мүшкіл» елдер қатарына кірді

0

Ресей Bloomberg агенттігі жасаған «Экономикалық бақыт» рейтингінде экономикасының «халі мүшкіл» жиырма елдің қатарына кірді.

62 мемлекет енген тізімде агенттік «Қандай да бір ел экономикасын ескергенде сондағы азаматтар бақытты ма?» деген сұраққа жауап берген. Басылым жазуынша, бұл концепция бойынша ресейліктер өздерін бақытсыз сезінуі тиіс. Экономикасы «ең бақытсыз» елдер рейтингінде Ресей 17-орында тұр. Зерттеушілер мұны бағаның өсуімен, жұмыссыздықпен байланыстырады.

Экономикасының халі мүшкіл елдер рейтингін Венесуэла бастап тұр. Тізімді Аргентина, Оңтүстік Африка, Түркия, Грекия мен Украина жалғастырады. Bloomberg рейтингіне Қазақстан енбеген.

Халықтың экономикалық «бақыты» ең жоғары ел ретінді тізімді Таиланд екінші жыл қатарынан бастап тұр. Таиландтың есепте бірінші орынға шығуы, агенттік жазуынша, ресми деректерде жұмыссыздық деңгейінің тым төмен болуы себеп. Bloomberg бұл шындыққа сай келмеуі мүмкін дейді.

Екінші орында — Швейцария, үшінші орында Жапония мен Сингапур тұр.

Azattyq