Ресей елшісі қазақстандық челленджге қатысты

0
15

Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин жалпықазақстандық «Atamnyn Amanaty» челленджіне қатысып, Ұлы Отан соғысында болған туыстары туралы айтып берді

«Еліміздегі көптеген отбасылар секілді менің де туған-туысқандарым соғыс жылдары қан майданға аттанды. Олардың ішінде әкемнің немере ағасы Владимир Александрович Бородавкин және немере ағаларым Дмитрий Аркадьевич Маишев пен Евгений Аркадьевич Маишев», – деді Алексей Бородавкин.

Оның айтуынша, Владимир Бородавкин 1941 жылдың желтоқсаны – 1942 жылдың басында Қырым түбегіндегі операцияға қатысқан. Сол жерде ауыр жараланып, кейін елге қайтарылады.

Алексей Бородавкиннің немере ағалары соғыстың соңына дейін әскер қатарында болған. Олардың бірі – аға сержант-зеңбірекші, екіншісі – көлік жүргізушісі.

«Өкінішке қарай, олар қазір жоқ, біздің отбасы оларды құрмет тұтып, ешқашан ұмытпайды», – деп қосты Бородавкин.

Сөз соңында Қазақстандағы Ресей елшісі халықты Жеңіс күнімен құттықтады.



sputniknews.kz