Ресей Екінші дүниежүзілік соғысты бұрмалап көрсетеді

0

Польша сыртқы істер министрлігі Ресей билігі Екінші дүниежүзілік соғысты бұрмалап көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Варшава Ресей президенті Владимир Путиннің аталған соғыстың басталу себебі жайлы айтқан сөзіне осылай баға берді.

Польша сыртқы істер министрлігінің пікірінше, Путиннің сөзі екі ел тарихындағы күрделі мәселелерді айқындауды мақсат ететін «поляк және орыс сарапшыларының бірлескен жұмысына зиян келтіреді». Министрлік Ресей басшысының сөзін «советтік тоталитаризм тұсындағы пропагандалық тұжырыммен» салыстырды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Польша билігінің өзі екіжақты қарым-қатынас пен сарапшылар жұмысына кесір тигізіп отыр» деп мәлімдеді. Ол Варшаваның «агрессивті риторикасы мен совет ескерткіштерін құлатуы соның дәлелі» деп санайды.

19 желтоқсанда Ресей президенті Путин Совет одағы Германиямен бір-біріне шабуылдамау туралы келісімге (Молотов-Риббентроп пакті) ең соңғы болып қойған деп мәлімдеген. Оның сөзінше, «Польша Чехословакияны бөлшектеуге қатысқан». Путин өткен аптадағы баспасөз мәслихатында тарихи оқиғаларға көзқарасын білдірген. Ол Жеңістің 75 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және соғыс қарсаңында СССР-дің Еуропада қандай саясат жүргізгені туралы мақала жазбақшы екенін мәлімдеген.

Биыл қыркүйекте Польша Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орай өткізген шараға Ресей президенті Владимир Путинді шақырмаған.

  • Польшаның ресми ұстанымы бойынша, 1939 жылы бұл елге СССР мен нацистік Германия қатар шабуыл жасап, басып алған.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты Еуропарламент 19 қыркүйекте қабылдаған қарарында Екінші дүниежүзілік соғысты бастауға Германиямен қатар СССР де жауапты екенін айтып, нацистік және коммунистік тоталитарлық жүйелерді айыптаған.
  • Германия мен СССР арасында бір-біріне шабуылдамау туралы жасалған келісімге – Молотов-Риббентроп пактісіне – 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде қол қойылған. Осы келісімге қосымша құпия хаттамаға сәйкес, Мәскеу мен Берлин Шығыс және Орталық Еуропада ықпал ету аймақтарын өзара бөліп алған. Соны пайдаланып Германия Польшаға шабуылдаса, СССР Эстония, Латвия және Литваны басып алған.
Оқи отырыңыз: Кремль бұрмалаған тарихи төрт факт

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз