Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Выборный халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы парламентаралық ассамблеясының атынан келген бақылаушылар тобына кіреді.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев баратын учаскеде не болып жатыр – фото

«Бүгін біз сайлау учаскесі ашылмай тұрып келдік. Негізгі мақсат – сайлауға дайындықты көру. Басқа бақылаушылармен де кездестік. Шынымен де, тәуелсіз бақылаушылар келді. Олардың ішінде азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар», — деді Выборный Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, әзірге ешқандай кемшілік байқалып жатқан жоқ. Сайлау учаскесі уақытында ашылды. Адамдар емін-еркін келіп, дауыстарын беріп жатыр.

«Қазақстан халқы үздіктердің ішінен үздік кандидатты таңдайды деп сенеміз. Халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады», — деп атап көрсетті Выборный.

Қазақстан президенті сайлауы

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz