Ресей депутаты: «Қазақстан Жеңіс парадын не үшін өткізбейтінін түсіндірсін»
Ресей саясаткерлері елімізде Жеңіс күніне байланысты әскери шерудің болмайтынын қате деп санап, түрлі болжамдар айтып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты abai.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың көбісі «Қазақстанда коронавирустың таралуы азайды, алайда шерулер мен акцияларға тыйым жатқаны дұрыс емес», деп айтып жатыр.
Мысалы, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Новичков: «Ешқандай дау жасаудың қажеті жоқ, тек мәселенің басын ашып алу керек. Қазақстан 9 мамырдағы Жеңіс парадына қатысты шешімін ресми түрде дипломатиялық жолмен түсіндіру керек», – деді.
Оның айтуынша, Қазақстан шешімін өзге елге түсіндіруге міндетті.