Ресей БҰҰ-ға маңызды дәлелдер ұсынды
Қысқа сілтеме алу
Ресей Біріккен ұлттар ұйымына Думадағы химиялық шабуылдың фальсификациясын көрсететін дәлелдер ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. 2018 жылы Думадағы (Шығыс Гута) оқиғаны тергеу нәтижелері туралы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының баяндамасын талқылауға арналған Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресей химиялық қару қолданудың фальсификациясының дәлелдерін ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесуде Демократия проблемаларын зерттеу қорының директоры Максим Григорьев сөз сөйледі. Ол өзінің үкіметтік емес ұйымының өкілдері Сирияда оннан астам рет болғанын және бірнеше жүз куәгерден жауап алғанын, сондай-ақ Дума қаласының ауруханасында жатқан адамдармен сөйлескенін жеткізді.
«Бұған қоса, біз адамдардың денелері табылған Думадағы үйдің он тұрғынынан жауап алдық. Денелер табылған ғимараттан бір шақырым радиустағы 300 тұрғыннан да жауап алынды. Бұл куәгерлердің жауаптары Думадағы химиялық шабуылдың фальсификацияланғанын еш шүбәсіз дәлелдейді», — деп мәлімдеді Григорьев.
Ол куәгерлермен болған кейбір әңгімелердің жазбасын оқып шықты. Олардың айтуынша, Думадағы ауруханаға химиялық шабуылдардан зардап шеккендер түспеген.
Сонымен қоса, қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне Думада жұмыс істеген Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы миссиясының бұрынғы сарапшысы Иэн Хендерсонның видеоүндеуі көрсетілді.
Тағы оқыңыз: Жиын кезінде Макрон мен Меркель Путинді «жоғалтып» алды – видео
«Екі топ бағытталды. Мен Думада бірінші топ құрылғаннан кейін соған қосылдым. <…> Қорытынды баяндамадағы нәтижелер бір-біріне қайшы келеді. Топтың Думада болған кезінде және Думаға сапардан кейін анықтағандары өзара толығымен қарама-қарсы боп тұр. Біз 2018 жылғы шілдеде, аралық баяндама шығатын кезде осындай химиялық шабуыл болғанына қатысты үлкен күдік бар екенін түсіндік», — деп атап өтті ұйымның бұрынғы сарапшысы.
sputniknews.kz