Ресей билігі Қазақстанның ішкі істеріне араласпақ

0

Ресей Украинаның Қырымын аннексиялады, Шығыс Украинада  соғыс бастады, Белоруссияны қосып алғысы бар, енді Ресей Қазақстанға ауыз салмақшы.  

Ресей Украинадағы соғысқа батып барады. Соңғы Керчь оқиғасы Батыс мемлекеттер альянсы(АҚШ пен Европалық Одақ- бәрі НАТО мүшесі) Ресеймен конфронтацияға кетіп барады. Украинадан тартып алған Қырым келесі жазда сусыз қалады. Әрине ауыл шаруашылығы ирригациялық сусыз қалды, ал Қырым курорттары демалушысыз қалды.Ал Қырым жұртшылығы рекреациялық бизнеспен күнкөріс ететін. Егерде 2014 жылдан бұрын Қырым жұртшылығы және Луганск пен Донецк тұрғындары Ресейге қосылсақ қосылайық: балаларымыз Мәскеуде оқитын болады, ал Қырымның шал кемпірлер ресейден мәскеулік үлкен пенсияларынан дәмелі болды. Ал іс жүзінде Шығыс Украина(Луганск пен Донецк тұрғындары) мен Қырым халқы опық жеді, енді жылап отыр. Сонымен Ресей Қырым мен Шығыс Украинаны қадағаласа да Батыс елдерінің экономикалық, финанстық және персоналдық санкцияларына ұрынды.Ал Қазақстанның жағдайы не болады? Бүгінгі таңда Ресей Белоруссияны қосып алғысы келеді. Белоруссия басшысы – Лукашенко Белорустың ана тілін құртып үлгірді, бірақ Ресейге толық бағынғысы келмейді, сонымен қатар олардан ауқымды қаржы алып отыр. Ресей басшылығы Лукашенконы көндіретін түрі бар. Бүгінгі күні біріктіру — «интеграциялық комиссиясы» жұмысын бастады. Ал Қазақстанға Ресейден қандай қатер бар: соңғы уақытта Қазақстанды Ресей валюталық одаққа шақырып отыр. Бұл біздің егемендікті құрту жолы, Елбасы бұл жолдан бас тартып отыр. Ресейдің қаржы жағдайы мықты емес болса да империялық дәмелісі зор. Екіншіден Ресей насихаттық ықпалды күшейтіп келеді. Мәселен, Қазақстанда орыс жұртшылығы «жаншылып жатыр, әсіресе орыстар қазақ ұлтшылдығынан зардап шегеді» екен. Ресей билігі Қазақстанның ішкі істеріне араласпақ. Менің білуімше осыдан былай «орыс мәселесі» еліміздегі сепаратизмді көтермек. Біз АҚШ пен Европалық Одақты, халықаралық ұйымдарды өз жағымызға тартуымыз керек. Ең бастысы – әскери күштерді қуатты жағдайда ұстауға тура келеді. Қарулы күштеріміз Украинаның сабағын ескерту керек. Украинаның шекарасында опасыздық болып Украина шекеарасынан көптеген сепаратистер өтіп кеткен. Сол сияқты сепаратистік пиғылдағы белсенділерді ауыздықтау тағы да күн тәртібіне шығады.

«The Qazaq Times»