Ресей бас прокуроры Юрий Чайка қызметінен кетті

0

20 қаңтарда Кремль сайты Ресей бас прокуроры Юрий Чайка қызметінен кетті деп хабарлады. Ресей президенті Владимир Путин Бас прокурор лауазымына Тергеу комитеті басшысының орынбасары Игорь Красновтың кандидатурасын ұсынған. Соңғы шешімді Мемлекеттік дума депутаттары дауысқа салу арқылы қабылдайды.

68 жастағы Чайка бас прокурор қызметінен «басқа жұмысқа ауысуына байланысты босаған». Ол бұл қызметті 2006 жылдан бері атқарып келген еді.

16 қаңтарда Мемлекеттік дума Путиннің Салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинді премьер-министр қызметіне тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан мақұлдаған.

Осыдан бір күн бұрын Владимир Путин халыққа жолдауын арнап, «Парламент өкілетін күшейту үшін» Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынған. Кейін үкімет басшысы Дмитрий Медведов министрлер кабинетінің тарайтынын мәлімдеді.

Кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, 67 жастағы Путиннің бастамасы – 2024 жылы төртінші президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де билікте қалу үшін жасалып жатқан әрекеті.

Оқи отырыңыз: Ресейдің де өз «елбасы» бола ма және Путин Назарбаевтың жолымен жүре ме?

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз