Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтатуы мүмкін — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин Ресейдің Байқоңырды жалға алуды тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, Байқоңырды жалға беруді тоқтату кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әзірге бұл мәселе қазақстандық мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр.
«Қазақстан тарапы аталған мәселені Роскосмоспен ауызша тәртіпте талқылады. Бұл оңай мәселе емес. Өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан бірқатар талқылаудан өткен соң мәлімдейтін боламыз», — дейді Марат Нұрғожин.
Айта кетсек, әскерилерді «Бойқоңыр» ғарыш айлағынан шығару жөніндегі мәселе алғаш рет талқыланып отырған жоқ.
stan.kz