Ресей әскерінің қоршауында қалған украин сарбазы өзін жарып жіберді

0
2955
Фото youtube.com сайтынан алынды

Мариупольде Ресей әскерінің қоршауында қалған украин шекарашысы өзін жарып жіберген, деп хабарлайды kznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

«Мариупольде Украина шекара армиясының аға офицері Ресей басқыншыларының қолдарына түспеуі үшін өзімен бірге радиостансаны жарып жіберді», – делінген хабарламада.

Украин қорғаушысының соңғы сөзі «Слава Украине!» болыпты.

Украина Президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Алексей Арестович жексенбі күні өткен брифингте шекара әскерінің офицері жараланып, жау қолына түспеу үшін радиостансаны өзімен бірге жарып жібергенін айтты.

«Қаһарман шекарашымызға тағзым етеміз», – деді Арестович.