Ресей әскері Украинада химиялық қару қолданды ма?

0

Украинадағы Донецк облысының қоршауға алынған Мариуполь қаласында Ресей қарулы кштері әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қарсы белгісіз улы зат қолданған, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Aзов Telegram-арнасы Мариупольге дрон арқылы улы зат тасталғаны туралы хабарлайды.

Арнаның ақпараты бойынша, зардап шеккендердің тыныс алу жеткіліксіздігі және вестибуло-атактикалық синдромы (қантамырлар жүйесіндегі ақауды тудырады).

«Шамамен бір сағат бұрын Ресей оккупациясының әскерлері Мариуполь қаласында украиналық әскерилер мен бейбіт тұрғындарға қарсы жаудың ұшқышсыз ұшу аппаратынан түсірілген белгісіз улы затты пайдаланды», — делінген хабарламада.

InformNapalm хабарлауынша, «Зарина» атты химилық қару пайдаланылған болуы мүмкін.

Химиялық қаруды өндіруге және қолдануға БҰҰ шеңберіндегі халықаралық шарт – Химиялық қару туралы конвенция тыйым салынған. Келісімге Ресей Федерациясы да қол қойды.

Бүгін «ДХР» содырлары жетекшілерінің бірі Эдуард Басурин Мариупольдегі Азовсталь жер асты бекіністеріне шабуыл жасаудың еш мәні жоқ екенін айтып, «барлық шығу және кіреберістерді табуды» ұсынды. Содан кейін «химиялық қару» қолдану мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинаға басып кірді. Ресей алдымен әскери нысандарды бомбалады. Содан кейін бейбіт тұрғындар, атап айтқанда, Мариупольге шабуыл жасады. Ресей әскері қаланы қоршап тастады.

Сәуірдің 4-і күні Мариуполь мэрі Вадим Бойченко жау қаланың инфрақұрылымының 90 пайызын жойып үлгергенін хабарлады. Шенеунік қаланың гуманитарлық апат шегінен асып кеткенін айтты – Мариуполь бір айдан астам уақыт бойы жарықсыз, сусыз, тамақсыз және дәрі-дәрмексіз отыр.

11 сәуірде президент Владимир Зеленский Мариупольде ондаған мың адамның қаза тапқанын айтты.