Ресей әскери қызметкерлерге гаджет қолдануға тыйым салды

0

19 ақпанда Ресейдің мемлекеттік думасы әскери қызметкерлерге жұмыс барысында телефон және интернетке қосыла алатын гаджеттерді қолдануға тыйым салатын заңды үшінші оқылымда қабылдады. Жаңа заңға сай, әскери қызметкерлер туыстарына, интернетте, журналистерге жұмысы жайлы айтуға да болмайды. Бұл заңды 408 депутат қолдап, ешкім қарсылық білдірмеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған деректер негізінде журналистер мен сарапшылар ресейлік әскерилер жайлы мәліметтер жинаған.

2014 жылы Донбастың маңайында Малайзияның жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты журналистер зерттеу жасағанда әлеуметтік желідегі деректерді пайдаланған. Сарапшылар интернеттегі деректер негізінде ұшақты ресейлік «Бук» комплексі атқанын дәлелдегенін айтқан. Сондай-ақ журналистер мен сарапшылар интернеттегі деректер арқылы Сириядағы ғимараттарды «Ресейдің бомбалағанын анықтаған». Бірақ Ресей шетелдік сарапшылардың зерттеуін мойындамайды.

Азаттық