Ресей әскері Киевті тағы да ракетамен атқылады

0

Жексенбіге қараған түнде Ресей әскері Украина астанасы Киевке ракетамен шабуыл жасап, салдарынан ер адам мен оның бір баласы қаза тапты, деп хабарлайда Kznews.kz.

Бұл туралы “Азаттық радиосы” “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Түнде Киев қана емес Киев облысы да ракетаның шабуылының астында қалған. Тұрғын үй қирап, құтқарушылар үйінді арасынан 4 жасар бала мен оның әкесінің денесін алып шықты.

Тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның бірі – 13 жастағы қыз бала. Олар ауруханаға жеткізілді.

ХАРЬКОВТЕГІ ШАБУЫЛ

Харьков облысының Золочев ауылында балалар шығармашылығы үйіне ракета түсіп, өрт шықты деп хабарлады облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Олег Синегубов. Зардап шеккендер жоқ.

Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарды ғана соққылайтынын айтқан. Ал бейбіт азаматтардың өлімі мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жайлы ақпаратқа Ресей билігі түсініктеме бермейді.