Ресей-АҚШ қатынасы қазір негізінен тоқырау күйінде тұр

0

«Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы қазір негізінен тоқырады. Бұл Ресей Федерациясы мен Құрама Штаттарға ғана емес, бүкіл әлемге қолайсыздық тудырады». Бұл сөзді Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя ортаға салды. Оның айтуынша, жақын арада АҚШ-Ресей қатынасының жақсаруынан үміт жоқ.

Небензя бірқатар мәселелер жөнінде журналистердің сұхбатын қабылдаған кезде, Трамп үкіметінің Корей түбегінің ядролық қарусыздануын қолға келтіру үшін, Солтүстік Корея үкіметін келісімге ынталандыратын жұмыстар алып баруы керек екенін атап өткен. Оның пікірінше, қазір Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздану процесі тоқырау күйде тұр.

Небензя аталған процес осы күйде тұра берсе, Солтүстік Корея мәселесі,  ядролық бағдарлама мен зымыран сынақтары 2017 жылғы жағдайға ұқсас құлдырап, тараптар талас-тартыс пен ұрыс-керіске кетіп қалуы мүмкін деп алаңдайтынын айтқан.

Ресей өкілі сұхбатында, АҚШ-Иран мәселесі туралы да өз пікірін айтады. Ол АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкция шаралары нәтижелі болады деп есептемейді. «Егер АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкция шарасы нәтиже бермесе, тараптар бір-біріне төтенше жағдайдағы шараларға ойысып кету қауіпі бар», – дейді Ресей Небензя.

“The Qazaq Times”